← Назад к программам
Информатика және жасанды интеллект⏱ 80 академиялық сағат
«Информатика және жасанды интеллект» пәнін оқытуда жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану: педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту
Бағдарлама мазмұны «Информатика және жасанды интеллект» пәнінің жаңартылған мазмұнын, жасанды интеллект негіздерін, ЖИ құралдарын тиімді қолдану және оқу үдерісіне интеграциялау әдістемесін, пәндік тақырыптарды оқытуда ЖИ қолдануды, сондай-ақ оны қауіпсіз және жауапты пайдалану, бағалау және академиялық адалдық мәселелерін қамтиды. Практикалық жұмыстар педагогтердің ЖИ құралдарын оқу мақсаттарына сәйкес таңдау, оқу тапсырмалары мен әдістемелік материалдар әзірлеу және ЖИ интеграцияланған сабақтарды жобалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.
О программе
Бағдарлама аудиториясы: жалпы білім беретін мектептердің информатика және «Информатика және жасанды интеллект» пәні педагогтеріне арналған
1-модуль. «Информатика және жасанды интеллект» пәнінің жаңартылған мазмұны және нормативтік-әдістемелік негіздері
Модульде «Информатика және жасанды интеллект» пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұны мен оқу мақсаттары, оны оқытудың ерекшеліктері және нормативтік-әдістемелік негіздері зерделенеді. Пән мазмұнындағы жасанды интеллект компоненттері, білім алушылардың ЖИ құзыреттіліктерін қалыптастырудың әдістемелік негіздері және пәнді оқытуда қолданылатын заманауи педагогикалық тәсілдер қарастырылады. ЖИ құралдарын оқу мақсаттарына сәйкес педагогикалық тұрғыдан таңдау және пән мазмұнына тиімді интеграциялау мүмкіндіктері талданады. Модуль мазмұны педагогтердің пәннің жаңартылған мазмұнын түсінуіне, оқу үдерісін заманауи талаптарға сәйкес ұйымдастыруына және ЖИ технологияларын педагогикалық мақсатта тиімді қолдануына бағытталған.
2-модуль. Жасанды интеллект негіздері және білім беру үдерісінде қолдану мүмкіндіктері
Модульде жасанды интеллектінің негізгі ұғымдары, даму бағыттары, машиналық оқыту қағидаттары, ЖИ модельдері, генеративті жасанды интеллект және үлкен тілдік модельдердің ерекшеліктері зерделенеді. Мәтін, сурет, код және деректермен жұмыс істеуге арналған ЖИ құралдарының мүмкіндіктері мен шектеулері талданады. Сонымен қатар ЖИ нәтижелерін сыни бағалау, ақпараттың дұрыстығы мен сенімділігін верификациялау тәсілдері меңгертіледі. Модуль педагогтердің ЖИ технологияларының мүмкіндіктерін түсінуіне және оларды білім беру міндеттерін шешуде мақсатты әрі тиімді қолдануына бағытталған.
3-модуль. Жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану: prompt engineering және оқу контентін әзірлеу
Модульде prompt engineering негіздері, тиімді сұраныстарды құрастыру және ЖИ құралдарымен нәтижелі жұмыс істеу тәсілдері зерделенеді. ЖИ көмегімен мәтіндік және оқу-әдістемелік материалдар, графикалық және визуалды контент, презентациялар мен цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу мүмкіндіктері меңгертіледі. Сонымен қатар ЖИ көмегімен бағдарламалық кодты құрастыру және талдау, алынған нәтижелерді тексеру, жетілдіру және оқу мақсатына бейімдеу тәсілдері қарастырылады. Модуль педагогтердің ЖИ құралдарын кәсіби қызметінде мақсатты, тиімді және педагогикалық тұрғыдан негіздеп қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
4-модуль. «Информатика және жасанды интеллект» пәнін оқытуға жасанды интеллектті интеграциялау әдістемесі
Модульде ЖИ құралдарын оқу мақсаттарына сәйкестендіру, оларды педагогикалық тұрғыдан таңдау және сабақтың әр кезеңіне тиімді интеграциялау әдістері зерделенеді. ЖИ көмегімен оқу, практикалық және сараланған тапсырмаларды әзірлеу, білім алушылардың алгоритмдік және есептік ойлауын дамыту, жобалық-зерттеу қызметін ұйымдастыру тәсілдері меңгертіледі. Сонымен қатар ЖИ интеграцияланған сабақтың құрылымы мен әдістемелік моделін әзірлеу жолдары қарастырылады. Модуль педагогтердің ЖИ технологияларын пәннің оқу мақсаттарына сәйкес әдістемелік тұрғыдан негіздеп қолдану және тиімді оқу ортасын ұйымдастыру құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.
5-модуль. Жасанды интеллектті пәндік тақырыптарды оқытуда қолдану
Модульде жасанды интеллект құралдарын графикалық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу, электрондық кестелердегі деректерді өңдеу, талдау және визуализациялау, алгоритмдер мен бағдарламалауды оқыту барысында қолдану тәсілдері зерделенеді. Бағдарламалық кодты генерациялау, талдау және қателерін түзетуде ЖИ мүмкіндіктерін пайдалану жолдары меңгертіледі. 5–11-сыныптардың оқу мақсаттарына сәйкес практикалық және жобалық тапсырмаларды ЖИ көмегімен әзірлеу, сондай-ақ нақты пәндік тақырыптарға ЖИ-ді интеграциялау бойынша практикалық жұмыстар орындалады. Модуль педагогтердің ЖИ құралдарын пән мазмұнына тиімді кіріктіру және оларды оқу міндеттерін шешуде практикалық тұрғыдан қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
6-модуль. Жасанды интеллектті қауіпсіз және жауапты пайдалану, бағалау және қорытынды жоба
Модульде жасанды интеллектіні қауіпсіз, жауапты және этикалық пайдалану қағидаттары, дербес деректерді қорғау, авторлық құқық, цифрлық қауіпсіздік және академиялық адалдық мәселелері зерделенеді. ЖИ қолданылған оқу нәтижелерін бағалау, білім алушылардың жұмыстарын талдау, объективті кері байланыс беру және ЖИ нәтижелерін верификациялау тәсілдері меңгертіледі. Модуль соңында тыңдаушылар курс барысында меңгерген білімдері мен практикалық дағдыларын жинақтап, ЖИ интеграцияланған сабақ немесе практикалық жұмыс әзірлейді және қорғайды. Модуль педагогтердің ЖИ-ді қауіпсіз әрі жауапты қолдану, оқу нәтижелерін әділ бағалау және меңгерілген тәсілдерді кәсіби тәжірибеге енгізу құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.
Программа курса
- 11-модуль. «Информатика және жасанды интеллект» пәнінің жаңартылған мазмұны және нормативтік-әдістемелік негіздері
- 22-модуль. Жасанды интеллект негіздері және білім беру үдерісінде қолдану мүмкіндіктері
- 33-модуль. Жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану: prompt engineering және оқу контентін әзірлеу
- 44-модуль. «Информатика және жасанды интеллект» пәнін оқытуға жасанды интеллектті интеграциялау әдістемесі
- 55-модуль. Жасанды интеллектті пәндік тақырыптарды оқытуда қолдану
- 66-модуль. Жасанды интеллектті қауіпсіз және жауапты пайдалану, бағалау және қорытынды жоба
Отзывы (0)
Пока нет отзывов. Станьте первым!